Сұлтан Әсетұлы қола жүлдеге таласады

Сербияда күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем біріншілігі өтіп жатыр. Грек-рим күресінен Сұлтан Әсетұлы жүлдеге таласады деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сұлтан жұбаныш белдесуінде мексикалық балуан Мартинесті 9:0 есебімен ұтты.

Қола жүлде үшін күресте қазақстандық балуан Түркия өкілі Кадир Камалмен кездеседі. 

Белдесулер бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.