Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Sulpak сауда желісінің негізін қалаушы, марқұм Андрей Пактың қызы Светлана Пак компаниядағы үлеске қатысты дау барын мәлімдеді. 

instagram.com/svet.lanaa84

Астана, NEGE. Светлана Пак видеоүндеу жасап, әкесінің компаниядағы үлесі ешқашан сатылмағанын айтты. Оның сөзінше, кейбір ақпарат құралдарында тараған бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

«БАҚ-та әкем үлесін сатып жіберді деген ақпарат тарап жатыр. Бұл – жалған», – деді ол.

Ол сондай-ақ Sulpak компаниясын 1992 жылы әкесі құрғанын еске салды. Алайда өмірінің соңғы жылдарын Андрей Пак шетелде өткізді. Қызының айтуынша, сауда желісінің барлық қарыздық міндеттемелері әкесінің атына рәсімделгендіктен, ол елге орала алмаған.

Светлана Пак әкесіне тиесілі үлестің басқа адамның атына қалай өткенін түсіндіруді талап етті. 

«Алмаз Султанғазин (Андрей Пактың серіктесі) менімен байланысқа шығып, әкемнің компаниядағы үлесін өз атына қалай рәсімдегенін түсіндірмейінше, бұл мәселені көтеруді тоқтатпаймын», – деді ол.

Еске салайық, Андрей Пак 2024 жылы қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?