Суыр етін жеген екі адам обадан өлді
Моңғолияның батысында орналасқан Завхан елді мекенінде жергілікті тұрғын Бубон обасын жұқтырды деген күдікпен белгісіз мерзімге дейін карантин енгізілді
.
Алматы, NEGE. Бір апта бұрын Улиастайдың 39 жастағы тұрғыны отбасымен бірге суыр етін жеп болғаннан кейін жоғары температура, бас ауруы, бұлшықеттердің ауыруы сияқты аурудың белгілері білінген. Ал көп жағдайда суыр Бубон обасының тасымалдаушысы болып есептеледі. Жақында Говь-Алтай елді мекенінде Бубон обасын жұқтыру салдарынан 15 жасар жасөспірімнің өлгені жария болды. Ол да суыр етін жеген көрінеді.
Оба жұқтырды деген күдікті жергілікті ауруханадағы арнайы оқшауланған бөлмеге жатқызылды. Онымен байланысқа түскен кем дегенде тоғыз адам үйде оқшаулану ережесін сақтауға міндеттелді.