«Сүйгенімді өзге әйелмен бөлісуге мәжбүрмін»

Он екі жылдан бері отбасы бар ер азаматпен кездесіп жүр

ген әйел жан сырымен бөлісті. «Екеуіміз бір мектепте сабақ беріп жүріп танысқанбыз. Сол кезден бастап жұбымыз жазылған емес. Ал осыдан үш жыл бұрын сүйіктіме қыз сыйлаған едім», – деп жазады ол syrlasu.kz-ке.

Алматы, NEGE. Айтуынша, жігітінің мектеп жасындағы үш ұлы бар. Әйелін мүлде сүймейді екен. Жан досының қарындасы оны ұнатып қалып, артынан қалмай қойған. Бетін қайтаруға ұялғандықтан ғана онымен кездесіп жүріпті. Қызды тастап кетіп, досының көңілін қалдыруға жүрегі дауаламапты. Солай қаламаса да сүймеген жанға үйленуіне тура келген.

«Екеуіміз бір-бірімізді кездестіргеннен бері менің де, оның да өмірі 180 градусқа өзгере кеткен. Әу баста екеуіміз өзгелердің көзінен таса жерде, Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде кездесе бастадық. Бос уақыт табыла қалса, оны бірге өткізуге тырысатын едік», – дейді аты-жөнін жасырған әйел.

Ал мұның барлығын оның әйелі білмеген. Тіпті, әлі күнге дейін сезіктенбейді де.

«Ал мен өзгелерден жасырынып өмір сүруден шаршадым. Сүйіктімді өзге әйелмен бөлісуіме тура келеді. Мұны ойласам одан әрі жындана жаздаймын. Бірнеше жылдан бері ажырасуын өтініп келемін. Ал ол әйелін жақсы көрмесе де, үш баласын тастап кете алмайтынын, олардың толыққанды отбасында өскенін қалайтынын айтты. Ал менің қызыма әке керек емес пе? Ол толыққанды отбасында өспеуі керек пе? Ата-анасы бірін-бірі сүймей, қадірлемесе, ондай отбасыдан бала бақытты бола ма? Соңғы кездері екеуіміз бір-бірімізді түсінуден қалдық», – деп шағынады көңілдеске айналған әйел.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр