Судья Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановқа қатысты жеке қаулы шығарды

Судья Айжан Құлбаева өзін және адвокат әріптестерін құрметтемеген Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановқа қатысты жеке қаулы шығарды.

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Бүгін сотта судья Айжан Құлбаева мен Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов арасында қақтығыс болды. Адвокат: «сот сот процесінде барлығы бір Бишімбаевқа қарсы», - деп уәжін айтты. Сот отырысында судьяның сөзін бөліп, бірнеше рет ескерту алған адвокат Ерлан Ғазымжановтың тәртібін талқылау үшін сот үзіліске кеткен болатын. 

Нәтижесінде шешім қабылданды, ол Астана қаласы адвокаттар алқасының президиумында және республикалық адвокаттар алқасында қаралады, қорытындысы бір ай ішінде жарияланады.

«Алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін процеске қатысушылардың барлығынан Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын мүлтіксіз сақтауды, эмоцияларын бақылауды және төрағалық етушінің бұйрығын орындауды талап етемін», - деді судья Құлбаева.

 

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды