Судья Бишімбаевтың адвокаттарын сот залына кіргізбеді

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. 

Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Бүгінгі сот отырысында үзіліс жарияланғанша Бишімбаевтың мүддесін бір ғана адвокат қорғайды. Өйткені айыпталушының екі қорғаушысы Назкен Құсайынова мен Ләйлә Рамазанова сот отырысына кешігіп келгендіктен, судья оларды сот отырысына жібермеді.

Бүгін сот отырысына қатысушылар қылмыстық іс материалдарын зерделеуді жалғастырады: сараптамалық қорытындылар мен айғақтарды оқылады, оқиға орнындағы фотосуреттер мен хат-хабарларды зерттейді.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды