Судандағы қарулы қақтығыстан балалар зардап шегіп жатыр

Судандағы қарулы қақтығыстың алғашқы 10 күнінің өзінде 200 бала көз жұмды, деп хабарлады «Хабар 24».

Алматы, NEGE. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша 1700 бала жараланған. Ұйым өкілдері бұл тек ірі шаһарлардан келіп түскен, мәлімет екенін айтады. Шалғай өңірлердегі ахуал есепке алынбаған. Демек құрбандар саны одан да көп болуы мүмкін.

Айта кетейік, Шығыс Африкада орналасқан бұл мемлекетте сәуірдің ортасынан бері ел әскері мен жедел әрекет ету күштерінің арасында қарулы қақтығыс тоқтамай тұр. Сол уақыттан бері өзге мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ықпалдасуымен бірнеше рет оқ атпау тәртібі жарияланды.

Соңғы рет 72 сағаттық бітім жұма күні күшіне енген.