Су тасқынынан мерт болғандар саны артты

Түркияның Қара теңіз жағалауында орналасқан Кастамон және Синоп провинцияларында болған су тасқынынан көз жұмған адамдар саны 38-ге жетті. Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа айтты, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Алматы, NEGE. «Кастамонда су тасқынынан 32 адам көз жұмды. Тағы 228 зардап шегіп, оның 12-сі ауыруханаға жатқызылды», - деді Коджа.

Министрдің сөзіне қарағанда, Синоп провинциясында да табиғи апат алты адамның өмірін қиған және 56 тұрғын зардап шекті.

Су тасқыны 11 тамызда Синоп, Бартын, Карабюк және Кастамону провинцияларында болды. Түркияның солтүстік провинциясы Бартында көпір қираған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды