Су тасқынынан 176 адам қаза болды

Конго Демократиялық Республикасының шығысында орналасқан Оңтүстік Киву провинциясында су басу салдарынан қаза болғандар саны 176 адамға жетті, деп хабарлайды ktk.kz.

Алматы, NEGE. Бұл туралы провинция губернаторы Тео Нгвабидже Каси мәлім етті.

Бушушу және Ньямукуби ауылдарында түні бойы нөсер жауын жауып, Чибира өзені арнасынан тасыған. Аумақ тұрғындарының дені із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін апаттан 72 адам мерт болғаны туралы жазылған еді. Тропикалық климат белдеуінде орналасқан Конго Демократиялық Республикасында жаңбыр маусымы кезінде қайғылы жағдайлар жиі болады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты