Су тасқыны кезінде баспанасы бүлінген ақтөбелік тұрғындар жаңа үйге қоныстанады
Ақтөбе облысы Қобда ауданында 24 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі кезде мұнда төрт мердігер компания бір жобамен үй салып жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы Қобда ауданының орталығында көктемде өзен тасып, ауылда 70-тен астам үй су астында қалды. Мұнда төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар уақытша бекеттерге орналастырылған. Кейін мұнда ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильин келіп, мән-жаймен танысты. 24 үйдің құрылысы басталғаны да белгілі болды. Барлығы 4 мердігер компанияда 200-ден астам жұмысшы еңбек етіп жүр. Ауданы 100 шаршы метр болатын тұрғын үйдің қабырғасы қаланып, шатыры жабылған. Пластикалық тереге салынып, ішкі әрлеу жұмыстары басталды.
Өз кезегінде тұрғындар облыс әкіміне ризашылығын білдірді.
«Сіз бірде-бір су тасқынынан зардап шеккен тұрғын назардан тыс қалмайды және барлығы баспанамен қамтамасыз етіледі деп уәде бердіңіз. Уәде орындалды, қолдауыңызға көп рахмет. Біздің тұрғын үй алабымызды «Қобда сity» деп атауды ұсынамыз», - деді ауыл тұрғыны Насифа Алдрабекова.
Ералы Тоғжановтың айтуынша, үй құрылысы аяқталысымен мұнда жол салынады.
«Мұнда екі айдан аз уақыт ішінде бүкіл қала өсті. Құрылыс қарқыны жоғары. Мен үйді салуға үлесін қосқандардың барлығына алғыс айтамын. Құрылыс аяқталғаннан кейін мердігерлер жол салуға кіріседі», - деп атап өтті облыс әкімі.