Су спортынан әлем чемпионаты өтеді
Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтетін жаңа қала белгілі болды.
Алматы, NEGE. Айта кетейік, осыған дейін аталған спорт түрінен әлем чемпионаты Жапонияның Фукуока қаласында 13-29 мамыр аралығында өтуі тиіс болатын.
Алайда, коронавируст инфекциясына байланысты турнир 2023 жылдың шілдесіне ауыстырылған еді.
Алайда, Халықаралық су спорты түрлері федерациясы әлемдік доданы Фукуокадан Будапештке ауыстыру турашы шешім қабылдады.
Осылайша су спорты түрлерінен әлем чемпионаты Будапештте өтетін болды.
Айта кетелік, Венгрия астанасында 2017 жылғы әлемдік дода өткен болатын. Су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 1978 жылдан 1998 жылға дейін төрт жылда бір рет өткізілетін. Кейін, яғни 2001 жылдан бері қарай әлемдік біріншілігі екі жылда бір рет өтіп тұрады.