Су добы: Қазақстан құрамасы Аустралияға есе жіберді

Токио Олимпиадасында су добынан Қазақстан құрамасы Аустралияға есе жіберді.

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшылар бүгінгі кездесуде аталған қарсыласынан 7:15 есебімен жеңілді.

Одан бұрын Хорватиядан 7:23, Сербиядан 5:19, Испаниядан 4:16 және Черногориядан 12:19 есебімен тізе бүккен еді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы В тобында сынға түсті. Қарсыластарының барлығынан жеңіліп, өз тобында бесінші орынды місе тұтты.