Су тасқынынан зардап шеккендер 1 шілдеге дейін салық төлемейді

Қаржы министрі арнайы бұйрыққа қол қойды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құжатқа сай, төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлерде апаттан зиян шеккен жеке және заңды тұғалардың наурыздың 1-нен маусымның 30-на дейінгі кезең үшін төленетін салықтық және әлеуметтік төлемдері кейінге қалдырылды.

Салық есептілігін тапсыру мерзімдері де ауыстырылды. Уақтылы орындалмаған салық міндеттемесі мен берешектерге қатысты мәжбүрлеп өндіру шаралары жүргізілмейді.

Сондай-ақ, 1 шілдеге дейін кешенді, хронометраждық зерттеп-қарау сияқты салықтық тексерулерден босатылады.

Уақытылы төленбеген салықтар бойынша өсімпұлды есептелмейді.

Зардап шеккендердің тізімі әкімдіктерден алынады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр