Су тасқынынан зардап шеккен Макинск қаласының тұрғындары баспаналы болды

Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына 11 жаңа үй сатып алынды.

Ақмола облысы әкімдігі

Алматы, NEGE. Үйлері су тасқынынан зардап шеккен Макинск қаласының тұрғындарына кілттерді Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смайылов табыс етті. Бұланды ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл іске Болат Өтемұратов атындағы қор көмектесіп, 11 жаңа үй алуға қаржылай демеушілік көмек көрсетті.

«Биылғы көктемде су тасқыны кезінде үйімізді су басып, көршілердің үйінде тұруға тура келді, енді қуанышта шек жоқ, осындай қолдауларыңыз бен көмектеріңіз үшін алғыс айтамын», - дейді қала тұрғыны Әлия Жақсымұратова. Макинск қаласы.

Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде Макинск қаласында барлығы 36 үй зардап шексе, оның 20-сына мүлкіне өтемақы ретінде қаржы берілді. Зардап шеккендерге ауданда әлі бес үй сатып алуға қалды.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр