17 сентября 2024 г. 9:54

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерден өтемақы алуға өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды

Фото: ғаламтордан

Премьер-Министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 13 қыркүйектегі бұйрықпен 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидаларына өзгерістер енгізді.

Алматы, NEGE. 2024 жылғы 30 қарашадан10 желтоқсанға дейін мүлік иелерінен өтемақы туралы өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды.

Қағидалардың күші жылжымайтын мүлік бойынша шығындарды қоспағанда, агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпкерлік субъектілеріне 2024 жылғы су тасқыны салдарынан келтірілген мүліктік шығындардың өтемақысына қолданылмайтыны нақтыланды.

Ведомствода түсіндірілгендей, түзетулерді қабылдау агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жылжымайтын мүлік бойынша су тасқынынан болған мүліктік шығындарды өтеуге бағытталған.

Сонымен қатар, ережелердің өзі 2024 жылдың 10 желтоқсанынан 20 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Бұйрық 2024 жылғы 17 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.