Су тасқынынан кейін Каспий теңізінде су деңгейі көтерілді

Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде су деңгейі көтерілді. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жыл басынан бері Каспий теңізінің деңгейі 119 сантиметрге көтерілген. Бұған сәуір-мамырда Жайық өзені арқылы тасқын судың мол келуі ықпал еткен. Су тасқыны кезінде Каспий теңізіне Жайық өзені арқылы шамамен 7,4 миллиард текше метр су түскен. Су тасқынын теңізге жіберу үшін «Қазсушар» филиалы Атырау облысы бойынша қосымша арналарды пайдаланды. Олар арқылы Каспийге 350 миллион текше метр су келді.

«Су қоймаларында тасқын су жиналып қана қоймай, 12,4 миллиард текше метр су тоғандарға, сағалар мен шалғындарға жіберілді. Су тасқыны басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 миллиард текше метр су жіберілді. Сонымен қатар, Солтүстік Аралды белсенді толтыру жалғасып жатыр, онда жыл басынан бері 1,1 миллиард текше метрден астам су келген», - деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?