Су тасқынына байланысты Оралда кардиологиялық орталықта емделіп жатқан науқастар көшірілді

Орал қаласында су басу қаупі төнуіне байланысты облыстық кардиологиялық орталықта ем алып жатқан науқастар түгелдей қалалық көпбейінді ауруханаға көшірілді, деп хабарлайды Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

БҚО

Алматы, NEGE. Барлығы 77 емделуші аталған ауруханаға орналастырылды.

Көшіру жұмыстарына басқарма басшылары, басқа да мекеме директорлары қатысып, кардиологиялық орталықтың барлық қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ басқа да медицина мекемелерімен қатар БҚО ТЖД жеке құрамы және облыстық полиция департаментінің күші құралдары тартылды.

Шаған және Деркөл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кардиологиялық орталыққа қоса "Мичурин", "Ветеран", "Самал 1, 2, 3", "Ягодка", "Вишенка", "Үміткер", "Путеец", "Вишневый сад", "Нива", "Росток", "Телеорталық" саяжай қоғамдары мен "Үміт" шағынауданына қауіп төнді.

Бұл жерлерде тұратын тұрғындарға эвакуациялық пунктке көшу ұсынылды. Кезекшілік ұйымдастырылды. Тұрғындар кез келген уақытта көше алады.

Сонымен қатар Орал қаласына іргелес орналасқан Теректі ауданы Подстепный ауылында да күрделі жағдай қалыптасып, осындай жұмыстар жүргізілуде.

Орал қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес қазіргі уақытта 160-тай адам эвакуациялық пункттерге орналасқан.

 

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты