Су тасқынына байланысты Қазақстанның бес өңірінде 11 жол жабылды

ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы бүгін 08:30–дағы соңғы ақпаратты жариялады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) жалпы ұзындығы 7575 шақырым болатын 8 жол учаскесінде су тасқыны болған.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 356 техника мен 438 адам жұмыс істеп жүр.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді