Су тасқынымен күреске 7000-нан астам адам жұмылдырылды

Еліміздің солтүстік және батыс өңірлеріне айтарлықтай зардабын тигізген су тасқынына қарсы іс-шараларға жалпы саны 7000-нан астам адам жұмылдырылған. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында вице-Премьер Қанат Бозымбаев жария етті.

ТЖМ

Астана, NEGE. «Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге 7000-нан астам адам, 1900 техника, оның ішінде 6 әуе көлігі жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Сондай-ақ жеке ұйымдар мен еріктілер қатысты», деді Қанат Алдабергенұлы.

Қ.Бозымбаев су басқан аймақтардан осы күнге дейін 119 000-нан астам адам эвакуацияланғанын хабарлады. Оның 44 мыңы балалар.

«Бүгінгі таңда өз үйіне 55 600 адам оралды. Эвакуациялық пунктерде шамамен 5000 адам қалды, туыстарын уақытша паналап жүргендер 58 000-нан астам», деді Үкімет басшысының орынбасары Қ.Бозымбаев.

                                 Сағадат БАҚЫТБЕК

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды