Су тасқыны кезінде қарттар үйінің 31 тұрғыны қаза тапты

Қарттар үйі өзен маңындағы ойпаңда орналасқан, су тасқыны ел бойынша 70 адамның өмірін қиды. 

AP Photo

Алматы, NEGE. Осы аптаның басында дүлей дауыл кезінде су басқан Бейжің маңындағы Тайшитунг қаласында орналасқан қарттар үйінде 31 қарт көз жұмды.

Euronews-тің мәліметінше Қытай астанасы мен көрші провинцияларда қолайсыз ауа райы салдарынан кем дегенде 70 адам көз жұмған. Аймақта бірнеше күннің ішінде бір жылдық нормаға жуық жауын жауды.

«Бейсенбіде билік Қытайда сирек кездесетін өлім-жітім туралы хабарлап, кешірім сұрады. Дүйсенбіде тасқын су көтеріліп, көпшілікті қапы қалдырған. Қарттар үйінде 69 адам, оның ішінде 55 мүгедек болған», - деп жазды портал.

Жергілікті Caixin басылымының хабарлауынша, қарттар үйі қатты жаңбырдан кейін тасып кеткен өзеннің маңындағы ойпаңда орналасқан. Дүйсенбі күні су тасқыны басталған кезде ғимаратта қызметкерлерді қосқанда 77 адам болған.

Бейжің шенеуніктерінің айтуынша, тасқын суы ең терең жерде 2 метрге дейін көтерілді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?