Су спортынан Азия чемпионаты: Ел қоржыны төртінші алтынмен толықты

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатының екінші жарыс күні ел қоржыны төртінші алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Kazinform. 

qaz_olympics

Алматы, NEGE. Атап айтсақ, Диана Жұмағұлова мен Анабелла Кочкина жұбы биіктіктен суға синхронды секіру сайысында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Жерлестеріміз 178.41 ұпай еншіледі.
Бұл аталған спортшыларымыздың Сары құрлық додасындағы алғашқы жүлдесі емес. Кеше, жарыстың алғашқы күні қос спортшымыз 3 метрлік тұғырдан секіруде күміс медаль жеңіп алған болатын.

Биіктіктен суға синхронды секіру сайысында екінші орынды Индонезия (174.54 ұпай) спортшылары иеленсе, үшінші орынды еншілеген Гонконгтан келген спортшылар қанжығасына байлады.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты