Су ақысын төлеудің жаңа ережелері енгізілді

1 қарашадан бастап Қазақстанда суық су мен кәріз жүйесі үшін төлемді есептеудің жаңа әдістемесі күшіне енді.

ашық дереккөз

Астана, NEGE. Су төлемі пәтерде немесе үйде су есептегіштің бар-жоғына байланысты анықталады. Егер есептегіш орнатылған болса, тұрғын тек нақты пайдаланған су көлемі үшін ақы төлейді. Ал есептегіш жоқ жағдайда төлем әкімшілік бекіткен тұтыну нормасына сәйкес әр адамға есептеледі.

Сонымен бірге көпқабатты үйлерде жалпы есептегіштің (жертөледе орнатылған) көрсеткіші мен пәтерлердегі жеке есептегіштердің көрсеткіші арасындағы айырмашылық төлемге қосылады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жалпы үйдің және жеке есептегіштердің арасындағы төлем айырмашылығы бұрыннан бар болғанын, енді ресми түрде бекітілгенін айтады.

Осыған байланысты есептегішсіз төлем әрдайым жоғары болады. Мысалы, Алматыда адам басына 3000 теңге. Бұл сома тарифтердің өсуіне, судың жалпы шығынына немесе көршілердің төлем жасамауына байланысты өзгеруі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»