Студенттерге президенттің кітабын қолтықтап жүру міндеттелді

«Азатлык Радиосының» хабарлауынша, Түркіменстанның сәулет-құрылыс институтының студенттеріне қойылатын талап күшейген.

Алматы, NEGE. Айталық, Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовтің кітабын студенттер жанынан тастамай алып жүруі керек. Алда-жалда сөмкесінен әлгі кітап табылмай қалса, студент оқудан шығарылуы мүмкін.

«Деканаттар студенттердің барлығына президенттің бір кітабын алып жүруді міндеттеп қойды. Бізге тексеру жүретінін ескертті, егер президенттің кітабын алып жүрмесең, оқудан қуыласың», – депті тілшіге түсініктеме берген студент.

Түркіменстан президенті Қ.Бердімұхамедов 2007 жылы билікке келді. Сол уақыттан бері ол 60-тан астам кітап жазған.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды