Странджа кубогында бүгін қазақстандық төрт боксшы бақ сынайды

Бүгін Болгария астанасы Софияда бокстан Странджа кубогы мәресіне жетеді. Онда қазақстандық төрт былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады.

Алматы, NEGE. Күндізгі сессияда Махмуд Сабырхан (54 келі) болгариялық Ясен Радевпен қолғап түйістіреді. Аталған сессияның жекпе-жектерінің басталуы елорда уақытымен 18:00-ге белгіленген. Ал кешкі сессия 22:00-де басталады.

Онда Дулат Бекбауов (67 келі) Дания елінің өкілі Николай Тертерянмен кездессе, Сағындық Тоғамбай (86 келі) украиндық Сергей Горсковпен бәсекеге түседі. Ал, Валентина Хальзова (70 келі) ресейлік Галина Головченкомен шеберлік байқасады.