stopterrorism.kz веб-сайты іске қосылды

Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп

stopterrorism.kz веб-сайтты іске қосты.

Алматы, NEGE. Бұл сайтта азаматтар ағымдағы жылы орын алған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады.

Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізуде.