Стокгольмде «Көшпенділерге қонақ болу» көрмесі өтті
Швеция астанасында «Көшпенділерге қонақ болу» көрмесі және белгілі қазақстандық суретші әрі дизайнер Балнұр Асанова ұсынған сәнді киімдер көрсетілімі өтті.
Алматы, NEGE. Суреттер, гобелендер және әдемі кестеленген киімдер Стокгольм орталығындағы галереяға қойылды. 75 жылдық мерейтойын атап өткен Қазақстандағы тұңғыш сән академиясы ұсынған бірегей коллекция қала тұрғындары мен туристерінің оң бағасын алды. Көрме ұйымдастырушылары келушілерге көшпенділер мен олардың өмір салты, қазақ ұлттық киімнің ерекшеліктері туралы айтып берді. Негізгі мақсат - Швеция халқына Қазақстанның бай мәдениетін таныстыру. Еліміздің мәдени және тарихи мұрасының таныстырылымын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Швециядағы Қазақстан жастарының қауымдастығы ұйымдастырды. Енді олар дәл осындай көрмені Дания астанасы Копенгагенде өткізуді жоспарлап отыр.