Стипендия, зейнетақы, айыппұл. Бүгіннен бастап өмірімізде не өзгерді?
Сонымен, нақты не өзгеріс бар?
Айлық есептік көрсеткіш. Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2525 теңгеден 2651 теңгеге өсті. Демек АЕКке негізделген барлық төлемдер: жәрдемақылар, мүгедек топтарға арналған төлемдер, айыппұл көлемі артты.
Фото: azh.kz
Зейнетақы. 2020 жылғы қаңтарға дейін тағайындалған кәрілік жасына байланысты зейнетақы көлемі 7 пайызға өсті. Бұған дейін зейнетақы мөлшері 57 900 теңге болса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 61953 теңгеге тең болды. Ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 36 108 теңгеден 38 636 теңгеге артты.
Фото: Ярослав Радловский
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Енді қазақстандықтардың көбісі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға өз қалтасынан төлейтін болады. Мысалы жеке кәсіпкерсіз. Тіпті жұмыс істемей, 910 формасымен табыс жоқ деп көрсетіп жүрсеңіз, енді 1,4 ең төменгі жалақының 5 пайызын ай сайын есеппен төлеуіңіз тиіс. Шаруа қожалығы бар фермер де өзі үшін төлейді. Жалдамалы жұмыскер болсаңыз, жалақыңыздың 1 пайызы ұсталынады.
Фото: lisgorpol.kz
Тақырыпқа орай: Бейнеттің зейнетін кім көреді?