Степногорск тұрғындары бүрсеңдеп отыр

Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов шаһардағы төрт тұрғын үйге әлі күнге дейін жылу берілмегенін айтты.

Алматы, NEGE. "Екінші күні бүкіл қала бойынша жылумен жабдықтау және төтенше жағдайлар бригадалары белсенді жұмыс істеуде. Біз бес үйде тиісті жұмыстарды аяқтаймыз. Қазіргі уақытта 2 шағын ауданда 40 үй жылуға қосылуда. Біз пәтерлерді аралайтын боламыз", - деді әкім.

Дегенмен, төрт үй әлі де жылусыз қалып отыр. Әкімнің айтуынша, 2 шағын аудандағы 45 үйді, сондай-ақ 1 шағын аудандағы 26, 43 және 49 үйлерді қосу жұмыстары жалғасуда.

"Біз қазір осы мәселелермен жұмыс істеп жатырмыз. Тұрғындардан түсіністік танытуды сұраймын. Біз үзіліссіз, демалыс күндері де жұмыс істейміз", - деді әкім қала тұрғындарына.

Бүгінде жылу электр станциясы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Гидравликалық проблемалар қазірдің өзінде жойылған.

2023 жылы "Степногорск Теплотранзит" ЖШС кәсіпорны 1,1 млрд теңге бөліп, алты шақырым құбырды ауыстырғанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Степногорск ЖЭО жөндеуге меншік иесі тағы 4,2 млрд теңге бөлген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді