Степногорда жылу қазандығының апатына қатысты жоспардан тыс тексеру жүреді

Степногорда жылу электр орталығында болған апаттың салдарын анықтау мақсатында жоспардан тыс тексеру белгіленді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана, NEGE. «Степногор ЖЭО-дағы қазандықтардың апаттық тоқтау фактілері бойынша ҚР Энергетика министрлігі атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан жоспардан тыс тексеру белгіленді», - делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметіні ұсынған мәліметке сәйкес, тексеру нәтижесі бойынша тиісті шара қабылданады.

«Анықталған бұзушылықтар мен қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады. Қазіргі Степногорда ЖЭО-да 4 қазандық және 3 турбина жұмыс істеп тұр. Станцияның генерациясы 64 МВт, жылу желілерінің температуралық режимі сақталып тұр», - дейді ведомстводан.