Стенд атудан әлем кубогінде Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Әсем Орынбай стенд атудан әйелдер арасындағы әлем кубогінің финалында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. Спорттық оқ ату федерациясының мәліметінше, күміс және қола жүлделер Үндістан өкілдеріне бұйырды.
2023 жылғы 20-29 мамыр аралығында Алматы облысында Александр Асанов атындағы ату клубында стенд ату спортынан рейтингтік лицензиялық Әлем кубогі өтіп жатыр.
Жарысқа әлемнің 40 елінен 300-ден астам мықты спортшылар қатысуда.