1 октября 2024 г. 11:55

Стенд атудан Азия кубогында Қазақстан 1-орын алды

Фото: gov.kz

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы стенд ату клубында Азия Кубогы аяқталды.

Алматы, NEGE. Биылғы бәсекеде 14 мемлекеттен келген 200-ден астам стенд ату шебері бақ сынады. 

Қазақстан құрамасы скит және трап бағдарламадасын қосқанда 14 медаль (6 алтын, 3 күміс, 5 қола) еншіледі.

І орын: «Скит» - Әсем Орынбай
І орын: «Скит» - Эдуард Ещенко
І орын: «Скит» жасөспірімдер арасында - Никита Моисеев
І орын: «Скит» әйелдер командасы - Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Адель Садақбаева
І орын: «Скит» ерлер командасы - Эдуард Ещенко, Давид Почивалов, Илья Пеньков
І орын: «Скит» аралас жұптық сын - Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко
ІІ орын: «Трап» - Әлішер Айсалбаев
ІІ орын: «Трап» Қазақстан ерлер командасы - Әлішер Айсалбаев, Марк Почивалов, Виктор Хасянов
ІІ орын: «Дубль-трап» ерлер арасында - Әлішер Айсалбаев, Владлен Калимулин, Артем Чикулаев
ІІІ орын: «Трап» ерлер арасында - Марк Почивалов
ІІІ орын: «Скит» ерлер арасында - Давид Почивалов
ІІІ орын: «Трап» әйелдер арасында - Айжан Досмағамбетова
ІІІ орын: «Дубль-трап» - Владлен Калимулин
ІІІ орын: «Трап» Қазақстан әйелдер командасы - Айжан Досмағамбетова, Карина Почивалова, Анастасия Прилепина.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов стенд атудан ұлттық құрама спортшыларын жоғары жетістігімен құттықтады.

«Стенд атудан елімізде алғаш рет ұйымдастырылған Азия кубогінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары керемет нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Жарысқа құрлықтағы 15 елден 200-ден астам таңдаулы спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде жерлестеріміз 6 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль олжалап, Азияның үздігі екенін дәлелдеді. Отандық мергендерді айтулы табысымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – бірнеше жылғы тынымсыз еңбектің, спорттағы жүйелі жұмыстың айқын нәтижесі. Кейінгі жылдары елімізде стенд ату спорты қарқынды дамып келеді. Жерлестеріміз әрдайым Әлем кубогы мен Азия ойындарында үздіктер қатарынан көрініп, халықаралық жарыстарда да жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Стенд атудағы бұл жеңіс осы спорт түрімен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады деп сенемін», - деді Ербол Мырзабосынов.