Стенд атудан Азия кубогі: Қазақстан командасы траптан төрт медаль жеңіп алды

Стенд атудан Алматы облысында өтіп жатқан Азия кубогінде Қазақстан қоржыны төрт медальмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Траптан жасөспірім ұлдар арасындағы турнирде қазақстандық Никита Моисеев топ жарды. Бұл сында күмісті Кувейт, қоланы Өзбекстан спортшысы иеленді.

Трап жаттығуы бойынша ерлер арасындағы финалда алтын медаль кувейттік Насер Мекладтың еншісінде кетті. Ол әлем және Азия рекордын жаңартып, жеңіске жетті.

Күміс және қола жүлдені тиісінше қазақстандықтар Әлішер Айсалбаев пен Марк Почивалов жеңіп алды.

Траптан әйелдер арасындағы финалдық сында қазақстандық Айжан Досмағамбетова қола жүлдегер атанды. Ол Қытай және Бахрейн спортшыларымен бірге үздік үштікке енді.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді