Стенд ату: Отандық мергендер Катардағы гран-при турнирінен үш медаль жеңіп алды

Стенд атудан Катарда өтіп жатқан "Әмір Гран-приі" халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 22 ақпанда Катар астанасы Дохада басталған жарыста әлемнің 30 мемлекетінен 300-ден аса спортшы бақ сынауда.

Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Оның біреуі - күміс, екеуі - қола жүлде.

"Трап" бағдарламасы бойынша өткен жекелей сында Мария Дмитриенко күміс медаль иеленді.

Ал жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Никита Моисеев пен Анита Нұрланова қола жүлдегер атанды.

Қазақстан атынан жалпы есебі 36 спортшы сынға түсіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады