Стационарлар неге жабылып жатыр?

Қазақстанның кей өңірлерінде провизорлық және жұқпалы аурулар стационарлары, сондай-ақ төсек-орындар жабылады, – деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram-арнасы.

Алматы, NEGE. Бүгінде Қазақстанда жеті провизорлық стационар мен жалпы 1070 орынды қамтитын жұқпалы аурулар стационары, сондай-ақ 855 орындық 6 провизорлық стационар жабылған.

Келесі нысандар жабылды:

Ақтөбе облысындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 300 орындық жатақханасы;

Атырау облысындағы Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжінің жатақханасы (30 орын);

Жылыойдағы туберкулезге қарсы диспансер (10 орын);

Атырау облыстық ауруханасы (200 орын);

Қарағанды облысында - кардиоорталық жанындағы жабдықталған "Турист" қонақ үйі (100 орын), ҚарМТУ жатақханасы (100 орын);

Нұр-Сұлтан қаласында - қалалық психикалық денсаулық орталығы (230 орындық жұқпалы аурулар стационары);

Шымкентте - облыстық балаларды оңалту орталығы (100 орын).

Төсек-орын саны қысқарды:

Маңғыстау облысы - Маңғыстау облыстық ауруханасы (150 орын), Жаңаөзендегі қалалық аурухана (100 орын), Бейнеудегі аурухана (30 орын), Түпқарағай аудандық ауруханасы (25 орын), Маңғыстау аудандық ауруханасы (50 орын); 

Павлодар олысында - Сұлтанов атындағы "Мойылды шипажайы" АҚ ауруханасы (500 орын);

Қалған облыстарда және Алматыда провизорлық орталықтар мен төсек-орын санын 2 тамыздан бастап қысқарту жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді