20 июля 2025 г. 12:32

Стамбұл-Ташкент рейсінде нәресте өмірге келді

Фото: ғаламтордан
Стамбұлдан Ташкентке ұшқан Uzbekistan Airways әуе рейсі кезінде ұшақ бортында сәби дүниеге келді. 

Алматы, NEGE. Әуе кемесінде екі дәрігер болып, олар экипаж мүшелерімен бірге жолаушы әйелге шұғыл медициналық көмек көрсетіп, босандырып алды.

Ұшақ Стамбұлдан Ташкентке бағыт алған кезде, жолаушылардың бірі мерзімінен бұрын толғата бастаған. Дәрігерлер мен бортсеріктер бірлесіп босандырып, ана мен жаңа туған нәрестеге қажетті көмек көрсетті. 

«Экипаж командирінің шешімімен ұшақ шұғыл түрде Үргеніш әуежайына қонды. Онда анасы мен жаңа туған ұлын медицина қызметкерлері күтіп алды. Отбасы жергілікті клиникаға жедел жеткізілді», деп хабарлады Uzbekistan Airways баспасөз қызметі. 

Айта кетерлігі, бұл — соңғы бір жарым жыл ішінде өзбек әуе тасымалдаушысының ұшағында тіркелген кем дегенде үшінші босану оқиғасы.

2024 жылғы қаңтарда Ташкент – Нью-Йорк рейсінде бортта босану тіркелген.Ал 2024 жылғы сәуірде Ташкент – Стамбұл рейсінде тағы бір ұл бала дүниеге келген болатын.2025 жылғы маусымда да ерекше жағдай тіркеліп, Алматыдан Лондонға ұшып бара жатқан ұшақ шұғыл түрде Атырауға қонуға мәжбүр болды.