SСAT төтенше жағдайда қайта қонды
SСAT әуекомпаниясының Атырау – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшағына үлкен құс келіп соғысты.
Алматы, NEGE. Жолаушылардың бірі аталған жайтты видеоға түсіріп желіге жүктеген. Ұшақ ішіндегілердің кейбірі эмоцияға беріліп, дүрбелең салған.
Ұшақ ұшып кеткеннен 14 минут өткенде қайта жерге қонған. Бортта барлығы 115 жолаушы болды. Әуекомпания ұшақ жерге қонғаннан кейінгі жай-күйін көрсетіп арнайы видео жариялады.