Спорттық спартакиада өтуде

Шымкент қаласындағы спорттық мекмелерде желтоқсан айының 6 мен 16 күндері аралығында спорттың 5 түрінен спартакиада өтуде.

Шымкент, NEGE. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылап жатқан спорттық сайысқа  қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен басқармаға қарасты мекемелердің қызметкерлері қатысуда.

Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілуде. Спорттың кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика және жүзу сынды түрлерінен барлығы 400 ге жуық адам қатысуда. 

Спартакиаданың ашылу салтанатында басқарма басшысының орынбасары Е.Дәрменов сөз сөйлеп, соңынан патриоттық әндер орындалды. 

Сайыс жеңімпаздары арнайы медальдармен және Алғыс хаттармен марапатталатын болады. 

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды