Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Әмір Маймұратов Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді.

Сали Сабиров

Алматы, NEGE. Іріктеу кезеңін қазақстандық спортшы тоғызыншы орынмен аяқтап, 1/8 финалға жолдама алды. Алайда ол кезеңде қытайлық Шоухун Чуға есе жіберіп, жарысты оныншы орынмен түйіндеді.

Чу финалда жапониялық Ре Омасаны ұтып жеңімпаз атанды. Ал үздік үштікті германиялық Леандер Карманс түйіндеді.

Қазақстандық спортшылар Дамир Тоқтаров, Жандос Қалибай, Бекнұр Алтынбеков пен Әлішер Мұрат іріктеу кезеңінен өте алмады.

Қазір оқып жатыр

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды