Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

Қазақстандық спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Сали Сабиров

Алматы, NEGE. Париж-2024 Олимпиадасының қатысушысы «жылдамдық» бағдарламасында 1/8 финалға жолдама алды.

Іріктеу кезеңінде Маймұратов 15-орынға тұрақтады. Плей-оффқа 16 спортшы өткен болатын.

Ришат Хайбуллин 23-орын алды, Бекнұр Алтынбеков – 26-орын, Жандос Қалибай – 30-орын, ал Дамир Тоқтаров – 50-орын иеленді.

Жүлделер 25 қыркүйекте сарапқа салынады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?