Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының үш спортшысы финалға жолдама алды

25 сәуірде Мысырдың Каир қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының финалдық кезеңі басталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Іріктеу кезеңінің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасынан үш спортшы финалға жолдама алды.

Еркін жаттығуларда Милад Карими үздік нәтиже көрсетіп, 14.066 ұпай жинады. Осылайша, ол іріктеу кезеңін бірінші орынмен аяқтады.

Ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов та сәтті өнер көрсетіп, финалға өтті.

Құрбанов 14.200 ұпаймен алтыншы, ал Ыдырысов дәл осы ұпаймен жетінші орын алды.

Финалдық сайыстар 27-28 сәуір аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды