Спорттық гимнастикадан ерлер құрамасы Хорватияда өтетін Әлем кубогының төртінші кезеңіне қатысады

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы Хорватияның Осиек қаласында өтетін Әлем кубогының төртінші кезеңіне қатысады.

ҰОК

Алматы, NEGE. Әлемдік додада ел намысын төрт спортшы қорғайды. Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов ат снарядындағы жаттығуда өнер көрсетеді. Милад Карими керме мен еркін жаттығуларда жүлде үшін бақ сынайды.

Ал Асан Сәлімов тіреуішпен секіруден жарысқа қатысады.

Әлем кубогының бұл кезеңі 10–13 сәуір аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: қанша адам ауруханаға жеткізілгені айтылды

Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды