Спорттық гимнастикадан Аида Бауыржанова қола медаль жеңіп алды

Ташкентте спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды, деп жазады Olympic.kz.

ҰОК баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола медаль жеңіп алды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді.

Ол Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді.

Айта кетелік, Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды