Спорттық гимнастика: Түркиядағы Халықаралық турнирде ел қоржынына екі медаль түсті

Түркияның Анталья қаласында өткен Challenge Cup санатындағы турнирде Қазақстан құрамасының мүшелері екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Гимнастикалық ат снарядында Нариман Курбанов күміс медаль жеңіп алды. Ол өзінің басты қарсыласы - иорданиялық Ахмад Әбу әл-Саудқа ғана есе жіберді.

Тағы бір спортшымыз Зейнолла Ыдырысов украиналық атлетпен бірдей ұпай жинаған. Алайда, бағдарламаның қиындығы жөнінен қола медаль қарсыласқа берілді.

Ал қол тіреп секіруден Аслан Салимов топ жарды. Ол 14.300 ұпаймен жеңіске жетті. Бұл жас спортшының әлемдік жарыстардағы тырнақалды жеңісі.

Қазір оқып жатыр

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?