Спортты дамытудың жаңа стратегиясы әзірленеді

Елімізде бұқаралық спортты дамытудың жаңа стратегиясы әзірленеді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Қазақстан спортын трансформациялау» жобасының жетекшісі айтты. Қамбар Омаров «Трансформация бойынша жобалық кеңсе» бұдан былай спортты түрлендіруге жауапты болады деді. Сонымен қатар кеңсе Ұлттық Олимпиада комитетімен, Ұлттық Паралимпиада комитетімен, федерациялармен өзара байланыста болады.

Мұнымен қоса, жобалар топтамасы құрылып, басқару жүйесі жетілдіріледі. Трансформация бойынша топ жеті стратегиялық бағытты белгілеген. Біріншісі – балалар спортын дамыту.  Екіншісі – басқару жүйесінің трансформациясы болса, үшіншісі – кадрлық саясатты жетілдіру. Ал төртінші бағыт – заңнамалық реттеу. Бесіншісі – спортшыларды медициналық-биологиялық тұрғыда қамтамасыз ету. Ал спорттық инфрақұрылымды дамыту алтыншы басымдық. Соңғысы - халықаралық ынтымақтастық. Осының әрбіріне жол картасы әзірленеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді