Спортшыларға бейәдеп сөз айтуға шектеу қойылды

 Мәдениет және спорт министрлігінің 2025 жылғы 27 маусымдағы жаңа бұйрығына сәйкес, спортшылар, бапкерлер мен төрешілердің жарыстар мен қоғамдық орындардағы мінез-құлқына шектеу қойылды.

sportplustv.kz

Алматы, NEGE. Ережеге сәйкес, енді бейәдеп сөз айтуға, жаттығу үдерісінің құпияларын жариялауға, мас күйінде жүруге және Қазақстанның имиджіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауға қатаң тыйым салынады.