Спорт үйірмесін жүргізген педагог 100 пайыз үстемақы алады

Сабақтан тыс спорт үйірмесін жүргізген педагогке 100 пайыз қосымша ақы төленеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет жәнеспорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов айтты.

Алматы, NEGE. «Сондай-ақ, Жолдауда мұғалімдердің әл-ауқатын арттыруға және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың жалақысын 25 пайызға арттыруға назар аударылды. Бұл бағытта министрлік тиісті жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өткім келеді. Мәселен, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет және спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледждер қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 25 пайызға ұлғаятын болады», - деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде ҚР Парламенті Мәжілісінде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған заң жобасы қарастырылып жатыр. Құжаттың аясында мемлекеттік білім ұйымдарының педагогтарына сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы енгізу мәселесі пысықталуда. «Мемлекет басшысының Жолдауында аталып өткен стратегиялық бағдарларды сапалы және уақытылы орындау үшін министрлік тарапынан барлық тиісті шараларар қабылданатын болады», - деді ол. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты