Спорт тарихындағы үшінші миллиардердің есімі белгілі болды
Гольфтан "Мэйджор" турнирінің он бес дүркін чемпионы Тайгер Вудс спорттық карьерасында бір миллиард доллардан астам табыс тапқан спортшы атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Алматы, NEGE. Forbes журналының мәліметінше 46 жастағы Вудс мұндай табысты тапқан үшінші спортшы атанып отыр. Дейтұрғынамен, Вудс тапқан табысының тек 10 пайызын үлкен додалардан алған. Қалған табысы Gatorade, Monster Energy, TaylorMade, Rolex және Nike компанияларымен келісімшарт жасасу арқылы түсіп отыған.
Сонымен қатар, америкалық спортшының гольф компаниялары мен мейрамханалары бар.
Еске салайық, Вудстан бөлек, Майкл Джордан мен Леброн Джеймс бір миллард доллардан астам табыс тапқан.