SpaceX төрт ғарышкер ұшырды
SpaceX америкалық компаниясы сәрсенбі күні Crew Dragon кемесімен зымыран-тасығыш ұшырды.
Алматы, NEGE. Ол Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) төрт ғарышкер жіберген. Трансляция АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) сайтында жүргізілуде.
Falcon 9 зымыран-тасығышы Канаверал (Флорида штаты) ғарыш айлағынан АҚШ уақытымен 03:55-те ұшқан.
Freedom (Бостандық) деген атау берілген кеме экипажыны NASA астронавттары – Челл Линдгрен, Роберт Хайнс және Джессика Уоткинс, Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕКА) өкілі, итальяндық Саманта Кристофоретти кірген. Ғарышкерлер 200-ден астам ғылыми тәжірибе жүргізеді деп күтілуде.
«Бостандық» ХҒС-пен 28 сәуір күні 20:15-те түйіседі. Бұл – NASA-ның SpaceX-пен ынтымақтастығы аясында ХҒС экипажының америкалық тараптан төртінші ротациясы. Линдгрен, Хайнс, Уоткинс және Кристофоретти орбитада америкалық әріптестері Раджу Чари, Том Маршберн және Кайла Бэррон және Маттиас Маурерді алмастырады.