SpaceX ғарышкерлерді Айға жеткізетін болды

Илон Масктың SpaceX компаниясы NASA-ның ғарышкерлерді Айға жеткізу туралы келісімшартын жеңіп алды. Бұл туралы АҚШ ғарыш агенттігі мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE.  "Бұл айға оралу жолындағы тағы бір керемет қадам", - деді NASA басқарылатын ұшу бағдарламасының жетекшісі Кэти Лудерс.

Конкурстың ақтық кезеңінде Lockheed Martin, Northrop Grumman және Draper, сондай-ақ Dynetics компанияларымен күш біріктірген Джефф Безостың Blue Origin компаниясы да қатысты.