SpaceX әуе кемесі жерге оралды

SpaceX әуе кемесі жерге оралды. АҚШ-тың SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі алғашқы азаматтық коммерциялық экипажымен үш күндік ұшуын аяқтады.

Алматы, NEGE. Әуе кемесі Флорида жағалауындағы Атлант мұхитына аман-есен қонды. Адамзат тарихындағы айтулы оқиғаның барысы Twitter парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

SpaceX ғарышкерлерді құттықтап, "Жерге оралуларыңызбен!" деп жазба жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қыркүйекте SpaceX -тің Falcon 9 зымыран тасығышы Флоридадағы Канаверал ұшыру алаңынан ұшырылған болатын. Ол Crew Dragon әуе кемесін орбитаға алып шықты. Оның құрамында қарапайым азаматтар – ұшу демеушісі болған кәсіпкер Джаред Исаакман, зерттеуші Сиана Проктор, дәрігер Хейли Арсенокс және АҚШ әскери-әуе күштерінің ардагері Кристофер Семброски болды. 

Inspiration 4 деген атау алған миссия қайырымдылыққа негізделіп, балалар қатерлі ісігіне маманданған St. Jude Children's Research Hospital ауруханасына қаражат жинауға бағытталды.